«БҰҰ-әйелдер» – Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы.
Іс-шара барысында Мария Доценко Аида Балаеваға гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша белсенді жұмысы үшін «БҰҰ-әйелдер» Құрмет грамотасын тапсырды.
Министр қазақстандық әйелдердің мемлекет пен қоғамның экономикалық және саяси өміріндегі рөлі, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуы үшін жасалған жағдайлар туралы айтып берді. Аида Балаева Қазақстан гендерлік ағартуды ілгерілету, ауылдағы әйелдерді қолдау, балалар мен әйелдерге қатысты отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін үнемі шаралар қабылдап отыратынын атап өтті.
Тараптар гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады.
Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның «БҰҰ-ның Қазақстандағы әйелдер құрылымының» өкілі Мария Доценкомен кездесуі өтті.
Оқиға • Кеше
Алматы маңында тағы жер сілкінді
Алматы • Кеше
Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді
Құтқарушы • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше