Өнер • 29 Маусым, 2021

Дәулескер күйшіні еске алды

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстанның ха­лық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қар­шыға Ахмедияровтың туғанына 75 жыл толды, соған орай «Астана Опера» театрында дәулес­кер күйшіні еске алуға ар­налған «Күмбірле, асыл домбыра!» атты кеш өтті.

Дәулескер күйшіні еске алды

Мазмұнды мәдени шара Қар­шыға ағамыздың өмірі мен шығармашылығынан сыр шерт­кен бейнефильммен бас­талды. Онда ұлағатты ұстаз­дың шәкірттерімен әңгімелесіп отырған әсерлі сәті мен сахнадағы қара домбыраны күмбірлеткен жарқын бейнесі күйшіні жақсы білетін көрермендердің көңілін толқытып, көзіне жас алғызды.
Кеш барысында Айтқали Жайымов, Ғалым Ахмедияров, Дина Хамзина, Азамат Жыл­тыркөзов, Руслан Баймурзин, Айтжан Тоқтаған, Жұмабек Қа­дырқұлов, Батырлан Әбе­нов, Еділ Басығараев, До­сым Мақсұтов, Дарын Құдай­бер­генов және тағы басқа өнер­паздар талантты тұлғаның туындыларын көпшілікке тарту етті.
Көне ғасырдан жалғасып келе жатқан ұлы күйшілік өнер­дің бірегей өкіліне айналған Қаршыға ағамыз Құрманғазы атамыздан бастап, біраз халық күйшілерінің шығармаларын но­таға түсіріп, кейінгі жас ұр­паққа жеткізуге мол үлес қосты.
− Қаршыға Ахмедияров – Ұлттық музыкамыздағы аты аңыз­ға айналған адам. Ол өнерде көптеген саланы бағындырса да, әсіресе орындаушылығын ерекше айтуға болады. Сондай-ақ ағамыздың қаншама күйді зерттеп, зерделеуі де бөлек. Бір бойына түрлі күйшілік мек­тептің дәстүрін ұштастырып, сіңіре біліп, көптеген дүлдүл дом­­бырашыларды тәр­бие­леп шығарды. Мен өзім консерваторияда оқығанда сол кісіден тәлім алдым. Сон­дық­тан осы кешке дирижер әрі дом­бырашы ретінде қатыс­қа­нымды мәртебе көремін, Қар­шыға ағамыз – біз үшін шы­ғар­машылықтағы бағыт-бағдар бе­руші темірқазығымыз еді, − дейді Руслан Баймурзин.