Коронавирус • 29 Маусым, 2021

COVID-19 жұқтырған 500-ге жуық қазақстандықтың жағдайы ауыр – ДСМ

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 500-ден аса адамның жағдайы ауыр және өте ауыр деп бағаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19 жұқтырған 500-ге жуық қазақстандықтың жағдайы ауыр – ДСМ

29 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 022 адам коронавирус инфекциясынан (22 746 КВИ+ және 1 276 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
7 125 пациент стационарда,

16 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 485 адамның жағдайы ауыр,
104 пациенттің жағдайы өте ауыр,
70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сонымен қатар тағы 23 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.