Ел және Елбасы • 29 Маусым, 2021

Елбасының еңбегін ерекше атады

143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасының еңбегін ерекше атады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан мен Ресей арасында барлық ба­ғыт­ бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
– Ресей – біздің тату көршіміз әрі стратегиялық серіктесіміз. Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланысты дамытып қана қоймай, мемлекетаралық қарым-қатынасты да нығайта түсері анық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті.
Валентина Матвиенко Нұрсұлтан На­­зар­баевты алдағы Елорда күнімен жә­не биыл атап өтіліп жатқан Қазақстан тә­­уел­сіздігінің 30 жылдығымен құт­тық­тады.
– Сізді келе жатқан Қала күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Жас Қазақстанның жаңа астанасының бой көтеруіне Өзіңіз тікелей атсалыстыңыз. Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығы атап өтілуде. Отыз жыл қас-қағым сәттей өте шықты. Бүгінде Қазақстан – посткеңестік кеңістіктегі ең табысты елдердің бірі. Сіздер дамыған мемлекеттік институттары мен нарықтық экономикасы бар егемен ел құрдыңыздар. Осы жолды жүріп өткен Қазақстан өзіндік келбеті, ішкі және сыртқы саясаты бар, әлемдік қоғамдастықта құрметке ие мемлекетке айналды, – деді Федерация кеңесінің Төрағасы.
Валентина Матвиенко Елбасының Қазақстан-Ресей қатынастарының қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ерекше атап өтті.
– Сіз Ресей мен Қазақстан арасында байланыс орнатуды әрдайым қолдап келесіз. Өйткені бұл Қазақстанның стра­тегиялық, геосаяси және ұлттық мүд­делеріне сай. Сіздің күш-жігеріңіздің арқа­сында біз мемлекетаралық қатынас орна­тудың табысты жолынан өтіп, тиім­ді, тең құқылы, өзара сыйластыққа негіз­делген ынтымақтастық моделін құрдық, – деді Федерация кеңесінің Төр­ағасы.