Негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Кодекс нормалары өтінішті қарау процесін де, алынған жауапқа шағымдану рәсімін де нақты реттейді. Өтініш бойынша қабылданған мемлекеттік органның шешімімен келіспейтін азаматтар сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Әкімшілік сот ісін жүргізуде төмендегі ережелер басшылыққа алынады. Әкімшілік істердің ведомстволық бағыныстылығы:
Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар шешілетін болады. Соттың белсенді рөлі.
Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді.
«Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды», деп атап өтті спикер.
Жалпы, әкімшілік-аумақтық бөліністі қабылдау құқықтық мемлекет идеясына сәйкес мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа сатысына, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі маңызды қадамға айналатынын, сондай-ақ елдің инвестициялық климатына жағымды әсер етуге негізделген.