Оқиға • 29 Маусым, 2021

Алматы облысында жүк көлігі екі адамды басып кетті

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқыс оқиға салдарынан ер адам мен оның 9 жасар баласы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жүк көлігі екі адамды басып кетті

Қайғылы оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде жарияланды.

«Жергілікті тұрғын, етікші еді. Ол балаларымен бірге өзенге шомылуға бара жатқан болатын. Қызы да сол жерде қайтыс болды, ал ұлын итеріп үлгерген», делінген желіде тараған видео жазбада.

Облыстық полиция департаменті жол апатының 28 маусым күні сағат 14:50 шамасында Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолының бойында болғанын хабарлады.

«ЗИЛ 431410» жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі тас жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шы шақырымда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан үш жүргіншіні қағып кеткен.