Қазақстанның теннисшілері арасында алғашқы болып Елена Рыбакина кортқа шықты. Әлемдік рейтингте 20-орында тұрған жерлесіміз тұсаукесер кездесуінде Кристина Младеновичпен шеберлік байқасты. 28 жастағы Францияның өкілі осыдан үш-төрт жыл бұрын WTA тізімінде «ТОП-10» ойыншының қатарына енген. Кезінде ол «Ролан Гаррос» пен АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жетті. Қазіргі кезде Младенович үздіктер рейтингінде 62-сатыға жайғасты. 56 минутқа созылған қос спортшы арасындағы бәсеке 6:4, 6:0 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. Енді Елена жапониялық Мисаки Дои мен америкалық Клэр Лю арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.
Кеше Зарина Диас латвиялық Анастасия Севостовамен кездессе, Қазақстанның қос теннисшісі – Александр Бублик пен Михаил Кукушкин өзара сайысқа түсті. Ал бүгін Юлия Путинцева украиналық Люся Цуренкомен айқасады.