Ел және Елбасы • 29 Маусым, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барады

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барады

«30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр», деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.