Әлем • 29 Маусым, 2021

Ғалымдар коронавирусты анықтайтын маска ойлап тапты

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық ғалымдар адамның коронавирус жұқтырып-жұқтырмағанын анықтауға мүмкіндік беретін бетперде жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар коронавирусты анықтайтын маска ойлап тапты

Ерекше масканы Массачусетс технология институты мен Гарвард университетінің мамандары ойлап тапты.

Жаңа бетперде адамның Covid-19-бен ауыратынын 90 минут ішінде анықтайды.

Вирусты табуға масканың ішкі жағына тігілген кішкентай бір реттік датчик көмектеседі. Құпиялықты сақтау мақсатында тест нәтижесі бетпердені таққан адамға ғана көрінеді.  

Ғалымдар датчиктерді тек маскаға ғана емес, киімге, мәселен зертханалық халаттарға орналастыруға болатынын айтады.

Мамандар бұл датчиктерді бірнеше жыл бұрын дайындай бастаған. Бұған дейін құрылғылар Эбола мен Зика вирустарын анықтау үшін қолданылған.

Сонымен қатар датчикті басқа да вирустарды табу үшін пайдалануға болады.