Оқиға • 29 Маусым, 2021

Павлодар ауданында жүргізушілер арасында жанжал шықты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде павлодарлық парақшалардың бірінде жарияланған видео бойынша тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар ауданында жүргізушілер арасында жанжал шықты

Фото: Константин Шелков

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері 26 маусым күні сағат 05.40-та Павлодар ауданының полициясына Заря ауылының жанында автотұрақта «Mersedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мас күйде  бола тұра жүк көлігінің демалып отырған жүргізушісіне адамдық қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқандығы туралы хабарлама  түскенін анықтады.

– Аталған факті бойынша 1988 жылы туған жүргізуші мен 2000 жылы туған жолаушыға қатысты ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал  толтырылды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жыл мерзімге айырылды, - деді департаменттегілер.

«Mersedes Benz» автокөлігі айып тұрағына қойылды.