Медицина • 29 Маусым, 2021

«Sputnik V» вакцинасының үнді штамына қарсы тиімділігі төмендеген

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» жасаушылары вакцинаның үнді штамына қарсы тиімділігі төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Sputnik V» вакцинасының үнді штамына қарсы тиімділігі төмендеген

Гамалея орталығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Денис Логуновтың айтуынша, «Спутник V»-ның үнді штамына қарсы тиімділігі шамамен 2,6-ға аз көрсеткен.

«Біз үнді штамына, нақтырақ айтқанда «дельтаға» қатысты сарысулардың белсенділігі шамалы төмендегенін көрдік - бұл Спутник V вакцинасы бойынша шамамен 2,6-ға», деді ол.

Алайда ол тиімділік төмендесе де «Спутник V» үнді штамынан қорғайтынын атап өтті.

«Мен тағы бір рет айтайын, 2,6-ға азайғаны - өте аз көрсеткіш, бұл әлемдегі барлық басқа вакцинаға қарағанда аз», деді Логунов.

Ол, сонымен қатар қорғанудың жалғыз жолы - Израиль сияқты вакциналау екенін айтты.