Парламент • 29 Маусым, 2021

Сенат төрағасы Қырғызстан елшісін қабылдады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат төрағасы Қырғызстан елшісін қабылдады

Сенат төрағасы кездесуді аша келіп, тату көршілік, тарихи ортақ тамырластық, тіл мен мәдениет ғасырлар бойы қазақ және қырғыз халықтарын бауырластық пен достық қатынастармен байланыстырып келе жатқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі болып отыр. Мәулен Әшімбаев парламенттік өзара іс-қимыл қазақ-қырғыз қатынастарын нығайту факторларының бірі болып саналатынын атап өтті.

М. Әшімбаев пен Ж. Кулубаев парламентаралық, әлеуметтік-мәдени, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады.

«Осы жылдың күзінде Қырғызстанда сайлау өтетіні және Жогорку Кенештің жаңа құрамы қалыптасатыны белгілі. Парламенттік байланыстардағы ынтымақтастыққа одан әрі қарқын беру маңызды деп санаймын. Екі елдің өзара қарым-қатынасын дамытуға парламенттер ықпал ете алатын бірқатар мәселелер бар. Осыған байланысты парламентаралық қызметті одан әрі арттырудың маңызы зор», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.