Саясат • 30 Маусым, 2021

Елшілермен кездесті

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

Елшілермен кездесті

Мәулен Әшімбаев кездесуді аша келіп, тату көршілік, тарихи ортақ тамырластық, тіл мен мә­дениет ғасырлар бойы қазақ және қыр­ғыз халықтарын бауырластық пен достық қатынастармен байла­ныс­тырып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қырғызстан Қазақ­станның маңызды стратегия­лық әріптестерінің бірі болып та­бы­лады. Сенат Төрағасы парла­мент­тік өзара іс-қимыл қазақ-қыр­ғыз қатынастарын нығайту фак­тор­ларының бірі болып табылатынын атап өтті.
Мәулен Әшімбаев пен Жээн­бек Кулубаев парламентаралық, әлеу­мет­тік-мәдени, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мә­селелерін талқылады.
«Осы жылдың күзінде Қыр­ғыз­станда сайлау өтетіні және Жогорку Кенештің жаңа құ­ра­­мы қалыптасатыны белгілі. Пар­ла­менттік байланыстардағы ынты­мақ­тастыққа одан әрі қарқын беру маңызды деп санаймын. Екі елдің өзара қарым-қатынасын дамытуға Пар­ламенттер ықпал ете алатын бір­қатар мәселе бар. Осыған байла­нысты, парламентаралық қызметті одан әрі арттырудың маңызы зор», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ Бе­ларусь Республикасының Қазақ­стандағы Төтенше және өкілет­ті елшісі Павел Утюпинмен де кез­десті. Кездесу барысында елдері­міз арасындағы екіжақты ынты­мақ­тастық және парламенттік бағыт­тағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.
«Кеше ғана Қазақстанға Бела­русь Премьер-министрі келіп кетті. Бұл сапар өнеркәсіп, маши­на жасау, құрылыс және ауыл шаруа­шылығы салаларындағы өзара іс-қимылмен бірге экономикалық ынтымақтастық пен кооперацияны одан әрі нығайту тұрғысында аса маңызды болды», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат Спи­кері Қазақстан-Беларусь қа­рым-қа­тынасының маңызды бағыттарының бірі парламентаралық ынты­мақ­тастық екенін атап өтті.
«Біздің депутаттарымыз ара­сында екіжақты және көпжақты форматта тығыз байланыс орнады. Парламенттеріміздің палаталары арасында Ынтымақтастық жө­нін­дегі комиссия табыс­ты жұмыс істеп келеді. Екі ел депутаттарының ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА және ЕҚЫҰ ПА алаңдарындағы белсенді іс-әрекеті парламенттік дип­ломатияның маңызды бағыты болып саналады», деді Сенат Төр­ағасы.