Жаңа құжатта жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынатыны айтылған. Мұндай шараларды тек онлайн форматта өтізкуге ғана болады.
Сондай-ақ, саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түріне жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.
«Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру қажет», деп жазылған қаулыда.
Қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.