Жеңіл атлетика • 30 Маусым, 2021

Жеңіл атлеттер тағы төрт жолдама алды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі айда Жапонияның астанасы – Токиода алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттердің саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіл атлеттер тағы төрт жолдама алды

Кеше ғана Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының штаб-пәтері орналасқан Монакодан «Қазақстан құрамасының қоржыны тағы төрт жолдамамен толықты» деген қуанышты хабар жетті. Тарқатып айтсақ, Ольга Сафронова 100 және 200 метрге жүгіретіндердің қатарына қосылса, Михаил Литвин 400 метрлік қашықтықта бақ сынайды. Ал Ирина Эктова үш қарғып секірушілер сайысында өнер көрсетеді.

Сөйтіп, отандық «спорт падишасы» өкілдерінің жеңіп алған лицензиялар саны 11-ге жетті. Осының алдындағы жарыстарда Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Григорий Шейко мен Айман Ратова (спорттық жүріс), Жанна Мамажанова (марафон) және Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова (биіктікке секіру) жолы болып, Токиоға баратындардың тізіміне қосылған еді.