ANSA агенттігінің хабарлауынша, қайықта Африка елдерінен адамдар болған.
Қайғылы оқиға Италия аралынан 5 миль қашықта орын алды.
Құтқарушылар 48 адамды құтқарып үлгерді, тоғызы із-түзсіз жоғалып кетті. Жеті адамның денесі судан шығарылды.
Айта кетейік, соңғы айларда Африканың солтүстігінен Лампедуза жағалауына 660 заңсыз мигрант келген.