Қазақстан • 30 Маусым, 2021

Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қолжетімді баспана құрылысының қарқыны, тұрғын үй сертификатының көлемін ұлғайту және қатысушылар санатын кеңейту туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

«Қала тұрғындарының маңызды және өзекті мәселелерінің бірі – тұрғын үй. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайтуды жүйелі жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер, ал 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер салынса, 2020 жылы осындай 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз», деп атап өтті елорда әкімі. 

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан әкімінің тапсырмасы бойынша тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша қатысушылар санаты кеңейтілді. Оған медицина қызметкерлері, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, мәдениет және спорт қайраткерлері қатыса алады. 

Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін» баспана бағдарламасы биыл да жалғасады. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жас баспаналы болады.