Оның негізгі қызметі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты күшейтуге, сондай-ақ экономика, мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.
Құрметті консулдықтың юрисдикциясына Чхунчхоннам-до, Чхунчхонбук-до, Чхолланам-до, Чхоллабук-до, Кёнгсаннам-до, Кёнгсанбук-до және Канвон-до провинциялары кіретін болады.
Айта кетейік, Құрметті консулдық – өзі өкілдік ететін елдің мемлекеттік қызметінде тұрмай, сол елдің және оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қоса, бірақ визалар мен өзге де ресми құжаттарды беруді қоспағанда, өкілдік ететін мемлекеттің тапсырмасымен және сол елдің келісімімен ақысыз негізде кейбір консулдық міндеттерді атқаратын Құрметті (штаттан тыс) консул басқаратын мекеме.