Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
департаменттің мәліметінше, 29 маусым күні кешке, сағат 19:20 шамасында құрылыс алаңында жұмысшылар арасында жанжал болған.
«Кәсіпорынның қауіпсіздік бөлімі мен құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері жұмысшылар арасындағы дауды реттей алды.
Оқиға орнында күзет және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілді», делінген хабарламада.