Оның айтуынша, ғаламтор деструктивті діни ағым идеологиясын таратудың негізгі желісіне айналып отыр.
«Биылғы алты айда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптарын бұзған 40 дерек анықталып, 40 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. Осы кезеңде әлеуметтік желідегі дәстүрлі емес діни бағытты насихаттаған 94 453 қауымдастық пен топ бұғатталды. Сондай-ақ 139 240 азаматтың әлеуметтік желідегі парақшасына зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде 442 қолданушының парақшасы дінтану сараптамасына жолданды», дейді Қайролла Көшқалиев.