СУРЕТТЕ: Әлихан Тоқаев
Бұлар – «Бастауыш сыныпқа арналған ағылшын тілі: ойнау арқылы оқыту», My best student’s book Aspect/Action 10-сынып, Aspect/Action 10-11-сынып for Kazakhstan, My best student’s book Excel 5-9-сынып, Excel 5-9-сынып for Kazakhstan, «Менің жасыл планетам» және «Арманға жету жолында» білім додалары.
Мектеп оқушылары арасындағы байқау жеңімпаздарының ішінде Талдықорғаннан Әлихан Тоқаев пен Нұр-Сұлтаннан Тимур Сағынтаев та бар. Ең бастысы – бұл балалардың тектері емес, білімдері.
– Мен Президентпен жай ғана тектеспін, біздің бір-бірімізге туыстығымыз жоқ, – деп әңгімені бірден бастаған жоғары сынып оқушысы Әлихан Тоқаев одан әрі былай дейді: – Әрине, талай адам бұл туралы сұрайды, бірақ бұл маған және менің дамуыма еш әсер еткен жоқ. Маған президенттің тегі үшін бес қоймайды. Саясатқа баруды да жоспарламаймын, медиа саласында зерттеу жүргізгім келеді, сол үшін тіл үйреніп жатырмын, өйткені тіл әлемге жол ашады. Президентті тек теледидардан көрдім, егер біз кездесіп қалсақ, әрине, қалай Мемлекет басшысы болуға болатынын, елді басқару қаншалықты қиын екенін, оның өмірі қандай, шет тілдерін қайдан үйренді деген сауалдар қояр едім.
– Мен Бақытжан Сағынтаевтың кім екенін де білмеймін, Алматыда тұрмаймын, еліміздің астанасында тұрамын, – деп таңданды алтыншы сынып оқушысы Тимур Сағынтаев. – Біз жай ғана тектеспіз. Кейін кім болатынымды білмеймін, қазір мен ағылшын тілін үйреніп жүрмін, бұл мен үшін маңызды. Содан кейін басқа тілді үйренгім келеді, өйткені бұл менің қолымнан келеді.
Edu Stream білім беру орталығы мен Express publishing халықаралық баспасы осымен бесінші жыл өткізіп жатқан ағылшын тілін үйренушілерге арналған байқауларға қатысушылардың деңгейі айтарлықтай жоғары екенін атап өту керек. Пандемияға қарамастан, қатысушылардың саны өсті, биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500 мұғалім мен 3000 оқушы өздерінің сабақтарының бейнежазбаларын жіберді, тіпті бұрын осы пәнді білмеген Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан қатысқандар да бар. Балалар өз шағын фильмдерінде қазақ және британ дәстүрлерін зерттеп, салыстырды, планетаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қамқорлық жасауға шақырды. Тіпті бір қыз жердегі барлық адам тең екенін дәлелдей отырып, «Қара жорға» мен британдық Морис биінің арасында параллель жүргізді.
– Өз мұғаліміммен бірге биология туралы ағылшын тілінде бейнематериал түсіріп жатқан кезім маған ұнады, – деп мойындады Гран-при иегері Иван Казьмин. – Сол уақыт ішінде мен болашақта өз жұмысымды экологиямен байланыстырамын деп шештім, өйткені егер біз қазір ғаламшарды күтуді бастамасақ, жүз жылдан кейін тіршілік атаулы жойылуы мүмкін.
– Мен мұғалімдер мен олардың оқушыларының техникалық, зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік жағынан дамуының нәтижесін көріп отырмын, олар үш тілде сөйлейді. Біз сондай-ақ айқын азаматтық ұстанымды, патриотизмді, өз еліне деген сүйіспеншілікті байқаймыз. Біз басқа, жоғары саналы деңгейге жетіп жатқан жаңа буынды көріп отырмыз. Мұның бәрі біздің еңбегіміз, өйткені мұғалімдер шәкірттері үшін өмір сүреді және жұмыс істейді, ал олардың жетістігі – біздің мақтанышымыз.
Енді мұғалімдерді жақында жаңа шығармашылық бейнематериалдар байқауы күтеді, онда олар өз жұмысы туралы креативті түрде әңгімелейтін болады. Байқау бір жыл бұрын карантиннің ең қиын кезеңінде оқытушылар мен оқушыларды қолдау мақсатында басталған болатын, дейді Edu stream білім беру орталығының бас директоры.