Онлайн кездесуге Қазақстанның Германиядағы елшісі Дәурен Карипов, еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова, «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали, Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев, сондай-ақ Siemens Advanta Lanxess AG, Gigaset AG, SAP SE, Baumüller Group, DMT GmbH & Co. KG, WILO SE сияқты 40-қа жуық жетекші неміс компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс екі ел бизнесмендерінің іскерлік байланыстарын орнатудың маңызын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Германиядағы цифрлы трансформацияны кеңейтуге одан әрі серпін беруге мүмкіндік беретін жаңа жолдарды іздеу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар пікірталас барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан цифрлы трансформация жөніндегі қызмет атап өтілді. Қатысушылар Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі шеңберінде инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпарат берді.
«Егемен-ақпарат»