Қазақстан • 01 Шілде, 2021

Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан елшісіне «Достық» орденін табыстады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан елшісіне «Достық» орденін табыстады

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Министр елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.