Аймақтар • 01 Шілде, 2021

ПТР анықтамалары жоқ 32 шетелдік депортацияланды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясын өршітпеу мақсатында Алматының Халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қайта күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПТР анықтамалары жоқ 32 шетелдік депортацияланды

Алматыда КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі штабтың дерегі бойынша 2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 30 маусымына дейін қаланың Халықаралық әуежайына бортында 424 799 жолаушы бар 2935 рейс келген. Оның ішінде COVID-19 теріс нәтижесі бар сертификаттармен - 395 431, вакциналану паспорттарымен - 3836, сертификаттарсыз 25 532 адам болды.

Карантиндік стационарға осы уақытқа дейін 25 500 адам ПТР анализін тапсыру үшін жатқызылып, оның ішінде 125 жолаушыдан індет табылған болатын.

Теріс ПТР сынағы сертификаттарының болмауы салдарынан 32 шетелдік азамат Алматы әуежайынан елдеріне қайтарылды.

Еске салсақ, мегаполистегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мутацияланған «Дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түсуде. 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 74 306 жағдайы тіркелді, оның 57 841-і симптомды, 16 465-ы симптомсыз, 1 993 жағдайы анықталмаған пневмония.

30 маусымда коронавирус инфекциясының 305 жағдайы тіркелді, оның 282-сі симптомды, 23-і симптомсыз. Тәуліктік өсім - 0,4% . Репродуктивті саны - 1,287. 29 маусымдағы жағдай бойынша зерттелген сынамалардағы үнді штаммының үлес салмағы 78,3%. 

Сондықтан Алматыдағы КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі штаб қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтауға, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуға шақырады. Сонымен қатар әркім өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін вакцина алғандары жөн.