Отандық өнімнің үлесін ұлғайта отырып, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру «Nur Otan» партиясы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік сатып алулардың 100%-ы электрондық форматқа көшіріліп, өнім жеткізушілерге қаржылық тұрақтылық түріндегі біліктілік талаптары арттырылды.
«Бұл тиісті салықтық жүктемесі бар және материалдық және еңбек ресурстары жеткілікті жақсы беделге ие компаниялардың сатып алуға қатысуына жағдай жасады. Сонымен қатар, әлеуетті жеткізушілер көлеңкеден шығуға ынталандырылып, сомасы 28 млрд теңгеден асатын салық ерікті түрде төленді», деді Дәурен Кеңбейіл.
Ол сондай-ақ соңғы 5 жылда бір көзден мемлекеттік сатып алу үлесі 92%-дан 49%-ға дейін 2 есеге дерлік қысқарғанын айтты.
Алайда, Кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың пікірінше, бұл фактілерді жетістік деп айту қиын.
«Қалай болғанда да мемлекеттік сатып алулардың 51%-ы бір көзден алу тәсілімен жүргізіледі. Ал бұл – үлкен сома. 2,5 жыл ішінде камералық бақылау нәтижесінде 78 мың сатып алу бойынша заң бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл дегеніңіз жалпы соммасы 2,4 трлн теңгені құрайтын өте көп ақша. Мұның бәрі заңның нашарлығынан емес, оны жүйелі түрде бұзатындығын білдіреді. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейту қажет шығар», деді Аманжан Жамалов.
Кеңес мүшелері «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасында көзделген сатып алудың бірыңғай терезесін енгізу мәселесін жеке талқылады.
Жол картасы аясында биыл мемлекеттік органдар, мемкомпаниялар және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан отандық өндірушілердің сомасы 21 млрд теңгені құрайтын өнімдерін кепілді сатып алуды қамтамасыз ету міндеті тұр.
Жиын барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі бұл көрсеткіш мерзімінен бұрын орындалғанын жеткізді. Себебі, бірінші жартыжылдықта тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында 23,8 млрд теңге сомасына 25 ұзақ мерзімді шарт жасалған.
Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Қаржы, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне бірыңғай сатып алу терезесі жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жеделдетуді ұсынды.
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар