Елбасы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының елшісін Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтап, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпинге жылы лебізін жолдады.
– Бүгін Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығы аталып өтілуде. Төраға Си Цзиньпинді және барша қытай халқын осы айтулы күнмен құттықтаймын! Осы жылдар ішінде Қытай Халық Республикасы алға қарай үлкен қадам жасады. Коммунистік партияның жоспары Қытайдың әлі де нығайып, дами беретінін көрсетіп отыр, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Елбасы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестіктің дамуының оң қарқынын атап өтті.
– Қытай Халық Республикасы әлемдік ауқымдағы қуатты мемлекетке айналды. Экономикасы дүние жүзі бойынша екінші орында және технологиялық даму деңгейі жоғары. Кедейлікпен күрес мәселесінде де Қытай үлкен қадам жасады. Мен әрдайым біздің қарым-қатынасымызды қолдап келемін. Мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік екі халықтың игілігі үшін жұмыс істей береді. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастығы – мемлекетаралық қатынастың жарқын үлгісі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяо Елбасына құттықтауы үшін алғысын білдіріп, 1 шілде – Қытай Коммунистік партиясының мүшелері үшін ең ерекше әрі ұмытылмас күндердің бірі екенін айтты.
– Сізге байырғы әрі жақын досыңыз Төраға Си Цзиньпиннің ең ізгі тілегі мен ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Сіздің 6 шілдеде өтетін Әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының саммитіне қатысу туралы шешіміңізді жоғары бағалаймыз. Бұл – өте маңызды оқиға. Оған Сіздің қатысуыңыз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын дамытуға және Қытай Коммунистік партиясы мен Nur Otan арасындағы партияаралық байланысты арттыруға серпін берері сөзсіз, – деді Қытай Халық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі.
Терезеден құламасын сәбилер...
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Адам құқығын қорғаудағы жаңа белес
Референдум-2022 • Кеше
Саяси реформалар ел көкжиегінің кеңеюіне бастайды
Референдум-2022 • Кеше
Мүгедек адамдарға қажетті жағдай жасалады
Референдум-2022 • Кеше
Бюрократияның өзегінде безбүйректік жатыр
Қазақстан • Кеше
Сайлау: Үміткерлердің уәдесі қандай?
Әлем • Кеше
Әлеуметтік желі қасіреттің ортасына айналып барады
Қоғам • Кеше
Сәбидің саулығы – ұлттың байлығы
Медицина • Кеше
Тілтанымымыздың болашағын айқындаған тұлға
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Әлем чемпионатында бас жүлдесіз қалдық
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
«Музей түні» бағдарламасымен балаларды қуантты
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады
Қазақстан • Кеше
Қазақ спортшыларының киімі ХОК мәдени мұрасына енді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
Президент • Кеше
Арнайы экономикалық аймақтардан бюджетке 170,2 млрд теңге түсті
Экономика • Кеше
Қоғамдық көлікте діни уағыз айтқан әйелге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Дағдарыстан шығынсыз шығу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Қазақстанда рейдерлік болмауы тиіс
Президент • Кеше
Бас прокуратура заңнамаға нақты түзетулер пакетін ұсынатын болды
Қазақстан • Кеше
Бизнес бойынша жер телімін беру жеңілдетіледі
Қазақстан • Кеше
Мәулен Әшімбаев БАӘ елшісіне көңіл айтты
Қазақстан • Кеше
Ыстанбұлда ортақ оқулықтар таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент Бас прокуратураға алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Кеше
Алматыда Қалқаман станциясының құрылысы басталды
Аймақтар • Кеше
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар