Тарих • 02 Шілде, 2021

Дәурен Абаев: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жүріп жатыр

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қазір өте қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәурен Абаев: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жүріп жатыр

Д.Абаевтің айтуынша, құжаттар мен архив жіті зерттелу үстінде. Бұл істе ешқандай науқаншылдық, тенденцияға бой ұру, тарихты идеологияландыру талпынысы жоқ.

«Біздің міндетіміз өте айқын – құжаттар мен дәлелдерге арқа сүйеп қана тарихтың ақтаңдақтары мен трагедиялық тұстарына жарық түсіру. Мысалы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 30 жылдары аралығында Қазақстанда 370-тен астам көтеріліс болған. Кейде оны сарбадар көтерілістері деп те атаған. Олардың бәрін ашаршылық пен ұжымдастырудың ауыртпалығы, сол кездегі биліктің басқыншылық әдістері туындатқан. Сол оқиғаларға қатысқан адамдар ресми сотталып, «бандит» ретінде есепке алынды. Әлі күнге дейін құжаттарда солай жүр. Біздің міндетіміз осы сияқты мәселелердің анық-қанығын анықтап, шын мәнінде қылмыскер болмаған адамдарды ақтау», дейді Дәурен Абаев.