Қазақстан • 02 Шілде, 2021

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесу өтті

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесу өтті

Әңгімелесу барысында А.Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісін Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Микаэла Фриберг-Стори Министрліктің жұмысына оң баға беріп, БҰҰ-ның 27 агенттігінің атынан бірлескен жұмысқа қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға дайындық барысы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті өзара іс-қимылға, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыруға өзара ықыласын мақұлдады. 

Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35