Аймақтар • 02 Шілде, 2021

Семейде қоғамдық көліктер тоқтап тұр

513 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Semey Bus» ЖШС басшысы автопарк қызметін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде қоғамдық көліктер тоқтап тұр

Бұл жөнінде «Semey Bus» ЖШС директоры ресми мәлімдеме жасады. Болат Қылышбековтің айтуынша, жергілікті билік тарапынан қолдаудың болмауы кәсіпорын қаржылық қиындықтарға тап болған. Енді автопарк өз қызметін жалғастыра алмайды. Оған қоса, «Semey Bus» ЖШС басшылығы сотқа шағымданатынын айтады.

«Семей қаласында жолаушылар тасымалын қолдауды жалғастыра алмайтын жағдай қалыптасты», деп мәлімдеді «Semey Bus» ЖШС басшысы.

Ведомствоның мәліметінше, 20 шілдеге дейін «Semey Bus» ЖШС сот шешіміне шағымдана алады. Қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гавриков егер автобустар алынып тасталса, олар жаңадан құрылатын кәсіпорынға өткізіледі деп мәлімдеді.

«Олар өз іс-әрекеттерін ресми түрде тоқтатқаннан кейін, «ҚДБ-Лизинг» АҚ (қазіргі өнеркәсіпті дамыту қоры) шартының талаптарына сәйкес «Semey Bus» ЖШС өз автобустарын меншік иесіне, яғни «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ға беруге міндетті. Бұл 170 автобус, оның 70-і бұзылған. Оларды алып қойған жағдайда жаңа кәсіпорын құру туралы мәселе шешілетін болады. Бұл автобустар қайталама лизингке берілетін болады, яғни бұл автобустар «Semey Bus» ЖШС орындалмаған міндеттемелерін өзіне алатын компанияға өтеді», деп түсіндірді Дмитрий Гариков.

Қала әкімдігі болашақта жасыл автобустар қайтадан жүре бастайтынын және валидаторлар мен көлік карталарына қызмет көрсету үшін жаңа компания тартылатынын растады. Қазіргі тасымалдаушының автобустарында қолма-қол төлем жүргізілуде.

Айта кетсек, «Semey Bus» ЖШС мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде құрылған. Көлік компаниясының қарызына байланысты семейліктер автобуссыз қалуы мүмкін екендігі ағымдағы жылдың сәуір айының басында белгілі болды. «ҚДБ-Лизинг» АҚ ірі несиелік борышы үшін «Semey Bus»-қа дефолт жариялап, лизинг затын – 170 автобусты алып қою ниетін білдірді. 16 сәуірде Семей әкімдігі бұл компаниямен келісімшартты бұзды. Алайда ол көлікті өз еркімен беруден бас тартып, жұмысын жалғастыра берді. Қалада тағы бір тасымалдаушы – «Семавтопарк» ЖШС пайда болып, әкімдік онымен шарт жасасты. 16 маусымда «Semey Bus» жүргізушілері тұрғындардың назарын автопарк проблемаларына аудару үшін ереуілге шықты. Әкімдік өкілдерімен жүргізілген келіссөздерден кейін олар жұмысын қайта бастады. Алайда, 22 маусымда жүргізушілер тағы да ереуілге шығып, содан бері желіге шықпады. Қала тұрғындары қоғамдық көліктің жұмысына шағымдана бастаған. Сол кезде такси қызметтеріне сұраныс көбейіп, бағалары да күрт қымбаттады.