Қоғам • 03 Шілде, 2021

Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алғандар жауапқа тартылды

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған СҚО-ның 32 тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алғандар жауапқа тартылды

СҚО аумағында 5 815 шетел азаматы және азаматтығы жоқ 255 адам тіркелген. Алты айдың ішінде көші-қон нормаларын 293 солтүстікқазақстандық бұзған. 

Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін елімізге келген 219 шетелдік бұзған. Елімізде болу ережелерін бірнеше рет бұзған 24 шетелдік шығарылды. Сондай-ақ шетел жұмыс күштерін заңсыз тартудың 32 фактісі анықталды. Олар көбіне жеке тұлғалардың үйлеріне жұмысқа орналасады. Қазіргі кезде шетел азаматтарын құжаттандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

«Көші-қон мәселелері бойынша кеңес алу үшін біздің мамандарға жүгінуге болады», дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. 

Айта кетсек, шете азаматтары Қазақстанға келген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін хабардар ету қажет. Электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда, визалық-көші-қон порталы арқылы, үйден шықпай-ақ тіркеуге болады. Сонымен қатар басқа мемлекет азаматының елімізде уақытша болу мерзімі асып кетіп, оны ұзартуға немесе ҚР шығуға шаралар қабылдамаған жағдайда, келушімен бірге қабылдаушы тарап та жауапкершілікке тартылады.