Аймақтар • 03 Шілде, 2021

12 млн теңгенің электр бөлшектерін ұрлағандар ұсталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентау полицейлері 12 миллион теңгенің электр бағанасының жабдықтарын жымқырған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 млн теңгенің электр бөлшектерін ұрлағандар ұсталды

Кентау ҚПБ-ға жарықпен қамтамасыз ететін мекеменің бірі белгісіз біреулердің жол бойында орналасқан электр бағанасының жабдықтарын жымқырып жүргенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгені құрайды.

Аталған жайтты кентаулық полицейлер ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, жедел уәкілдер тобы оқиға болған жерге бет алды. Тәртіп сақшылары 10 күн бойы қылмыскерлерді анықтау мақсатында түрлі іздестіру жұмыстарын жасады. Нәтижесінде полицейлер күдікті деп танылған екі ер адамның ізіне түсіп, оларды полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, күдіктілердің біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болса, бірі Түркістан қаласының тұрғыны. Сонымен қатар кентаулық полицейлер күдіктілердің жымқырған электр бөлшектерін жарты бағасына сатып жібергенін растады. Күдіктілер түскен қаржыны қажеттіліктеріне жұмсап жіберген. Бүгінде күдіктілер өз кінәсін толықтай мойындады. Полицейлер күдіктілердің бұрын сотты болғанын анықтады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.