Білім • 03 Шілде, 2021

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

География пәні бойынша өткен еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы  күміс және қола медальді жеңіп алды. Олимпиада 18-21 маусым аралығында Сербияда онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауда 13 елден қатысқан152 оқушы білімін сынады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңіске жетті

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға Ақтөбе мен Шымкент қаласынан үш оқушы қатысқан. Ұлттық құраманы жарысқа география ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Г.Нүсіпова дайындады.

Олимпиада жазбаша және мультимедиялық тесттер мен практикалық турлардан тұрды. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы қоржынына 2 медаль еншіледі. Валеев Рустам - күміс, Тазабек Еркебұлан қола медальды иеленді. Қазақстандық үшінші қатысушы Мұқанов Бейхан сертификат алды.

«Еуропалық олимпиада оқушылардың география және экология саласындағы зерттеулерге деген қызығушылығын арттырады. Зияткерлік жарыс 2021 жылы жас географтар үшін алғашқы сынақ және тамыз айында өтетін халықаралық олимпиадаға қатысу үшін трамплин болды», дейді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Бұл зияткерлік жарысқа Қазақстан үшінші рет қатысты. Өткен жылы қазақстандық оқушылар бір күміс және бір қола жеңіп алды.