Коронавирус • 03 Шілде, 2021

Карантин: Алматыда қандай шектеулер енгізіледі?

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Карантин: Алматыда қандай шектеулер енгізіледі?
Қаулыға сәйкес, қалалық жағажайлар мен ашық бассейндер 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Келушілер ASHYQ арқылы, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып  кіреді.

Театр, кинотеатр және филармония залдары тек 30 пайызға, ал концерт залдары 10 пайыз ғана толуы тиіс. 

ХҚКО-лар жұмысының уақыты дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі. Қабылдауға алдын ала жазылу қажет. 

Қаулы 2021 жылы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.