Ауа райы • 06 Шілде, 2021

Бүгін кейбір өңірлерде жаңбыр жауады

755 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» мамандары 6 шілде күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Бүгін кейбір өңірлерде жаңбыр жауады

Ведомствоның мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Жел күшейіп, өткінші жаңбыр жауады.

Ақмола облысының кей жерлерінде - найзағай, бұршақ, дауыл. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында күн күркірейді.

Түркістан облысында дауыл тұрады. Найзағай кезінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады. Күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Қостанай облысында жел екпіні - 15-23 м/с. Кей жерлерде - найзағай, дауыл, бұршақ.

Солтүстік Қазақстан облысында да күн күркіреп, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Секундына 15-25 метр жылдамдықпен қатты жел соғады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жауады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап, Қызылорда облысының басым бөлігінде өте қатты ыстық сакталады.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.