Аймақтар • 06 Шілде, 2021

СҚО полициясында астананың 70-тен астам «құрдасы» жұмыс істейді

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соның бірі 23 жасар полиция қызметкері, полиция сержанты Бақытжамал Күткенова Петропавл қалалық ПБ Жедел басқару орталығында «102» арнасының операторы болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полициясында астананың 70-тен астам «құрдасы» жұмыс істейді

Күн сайын полицияға ондаған адам жүгінеді. Күтпеген жағдайлар орын алып жатады, оператор үшін ең бастысы – жедел көмек көрсетуді жіті ұйымдастыру. «Бірде бір әйел адам қоңырау шалып, Петропавлдағы базарлардың біріндегі қызметтік үй-жайда кілттеніп қалғанын айтты. Ол жерге патрульдік полиция батальонының қызметкерлерін жіберуге тура келді», - дейді Бақытжамал. Кейде адамдардың тағдырлары операторлардың жедел әрі кәсіби іс-қимылдарына тәуелді болып жатады. Бұл құқықтық тәртіп органдарында алдыңғы шепте тұратындарға негізгі міндет болып табылады.

Жаңа  астанада Бақытжамал алғашқы рет жеті жасында болған. Алғашқы сапарынан есінде ештеңе қалмапты. Алайда жылда Нұр-Сұлтанға барған сайын әсем-астананың көркем жерлерімен танысып, өзі үшін жаңа қырларын ашады. «Барлығын Астана мерекесі күнімен құттықтаймын. Астанамыз жиырма жылдың ішінде адам танымастай болып өзгер әсем қала. Көпқабатты зәулім үйлер, кең көшелер, әсем демалыс орындары, көркіне көз тоймайтын архитектуралық ансамбльдер», деп таңқалысын жасырмайды жас қызметкер.