Шарада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев сөз сөйлеп, фильмнің шығу тарихына тоқталды.
«Оливер Стуон мырза бұрынғы Кеңестер Одағындағы Орталық Азия мемлекеттерін осыған дейін жан-жақты зерттеген. Әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде таңдауы Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсіпті», деді Қырымбек Көшербаев.
Сондай-ақ, ол Елбасының мұндай сүйекті туындысы қай жағынан да лайықты тұлға екенін атап өтті.
«Бұған байланысты мен бір-екі дүние айтайын. Бізде Ұлы далада, Қазақ елінде қалыптасқан бір жақсы дәстүр бар. Ол – «Еліңде кімің бар» деп сұрақ қою. Өйткені әр елдің келбетін оның табиғатының ландшафты емес, жерастының байлығы емес, тұлғалары, қабырағалы азаматтары қалыптастырған», деді Мемлекеттік хатшы.