Аймақтар • 06 Шілде, 2021

Атырауда вакциналау бекеттері демалыссыз жұмыс істейді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қызыл аймақтағы» Атырауда вакциналау бекеттері демалыссыз жұмыс істей береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда вакциналау бекеттері демалыссыз жұмыс істейді
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, атыраулықтар 6 шілдеде еш кедергісіз коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуына болады.

«Атырау облысында вакциналардың I компонентін 90 мыңнан астам адам алды.

Вакциналардың толық кешенін 50 мыңнан астам тұрғын салдырды. Соған қарамастан, қазір Атырау облысында аса қауіпті «дельта» штамы белсенді таралуда. Сол себептен, қауіпті вирустың таралуын тежеу үшін вакцина салдырған жөн. Сонда ғана өзіңізді, туыстарыңыз мен жақын адамдарыңызды қорғай аласыз» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.