Аймақтар • 06 Шілде, 2021

Түркістан облысында карантин күшейтіледі

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов өңірдегі карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында карантин күшейтіледі

Жаңа құжатта коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша Түркістан облысы аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату жазылған.

«Бұқаралық іс-шараларды, отбасылық іс-шараларды көпшілік жиналатын орындар мен үй аумағында өткізуге тыйым салынсын.

Қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген нысандарға барғанда маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық сақтау және антисептик пайдалану талаптары қатаң сақталсын.

Ойын-сауық нысандарының (түнгі ойын клубтары, караоке, букмекерлік кеңселер, жабық ғимараттағы балалар алаңдары, батут пен аттракциондар) қызметіне тыйым салынсын.

«Ashyq» жобасына қатыспаған нысандар – мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, облысаралық тұрақты емес тасымалдар (туристік), бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, цирк, банкет залдарының қызметіне тыйым салынсын», деп жазылған құжатта.

65 жастан асқан адамдардың аудан, калаларда қажеттілік туындамаған жағдайда жүруін шектеу жазылған.

 

Сонымен бірге, қалалық қоғамдық көлік жұмысына сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етілген. Онда міндетті түрде маска тағу, санитайзер орнату және 50% толымдылығын сақтау талап етілген.