Үкімет • 06 Шілде, 2021

Асқар Мамин елорда күнімен құттықтады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Мамин елорда күнімен құттықтады

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын! Біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы өркендеуі мен жетістіктерінің айқын көрінісі, Қазақстан халқының күш-қуатының, оның ерік-жігері мен қиындықтарды қаймықпай еңсеріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алуының айғағы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің, барлық қазақстандықтардың күш-жігері мен еңбегінің арқасында бүгінгі таңда елордамыз халқымыздың мақтанышына және Қазақстан экономикасының дамуының локомотивіне айналды.

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!

 

 

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Бүгін, 20:44