«Дәл қазіргі уақытта қайтыс болғандардың денесі судан шығарылып жатыр. Олардың саны бойынша жағдай жылдам өзгеріп жатыр. Алдын ала пікір білдіру қиын», деді аймақ басшысы Владимир Солодов.
Солодов оқиға орнында сот-медициналық сарапшылары жұмыс істеп жатқандығын қосып өтті.
«Олар шешімдерді процедураларға байланысты қабылдайды. Ауа райы мүмкіндік берсе, оқиға орнына Петропавлдан Тергеу комитеті тергеу басқармасының сот-медициналық сараптамасы ұшып шығады. Мүрделерді тасымалдау бойынша жұмысты толық көлемде ұйымдастырамыз: қажеттілік туындаса, мүрделерді Петропавл немесе Паланаға жеткізу қолға алынады», деді Солодов.
Еске сала кетейік, 6 шілде күні Ресейдің Камчатка өңірінде 28 адам мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар түгел қаза тапты.