Қоғам • 07 Шілде, 2021

Төрт облыста экстремалды құрғақшылық күтілуде – Қазгидромет

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет шілде айында Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Төрт облыста экстремалды құрғақшылық күтілуде – Қазгидромет

«Әзірленген статистикалық болжамға сәйкес шілде айында Ақтөбе облысының (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде экстремалды қуаңшылық жағдайлар күтіледі» деп хабарлады Қазгидромет. 

Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облысында (Сам) да қатты қуаңшылық болуы мүмкін.

Қазгидромет болжамына сай, Ақмола (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), Қостанай (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан (Лениногорск), Жамбыл (Қордай), Алматы (4-ші Ауыл), Қызылорда (Қазалы) және Атырау облысында (Атырау) орташа деңгейдегі қуаңшылық болады. 

«Маусым айының соңғы онкүндігінде өткен мол жауын-шашынның арқасында, орташа ылғалды жағдайлар Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) болжанады. Қалған аумақтарда ылғалдану шарттары қалыпты жағдайға жақын болады деп күтілуде» деп жазады баспасөз хабарламасында. 

Айта кетейік, шілде айында еліміздің солтүстік-шығыс жартысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп күтілуде.