Әлем • 07 Шілде, 2021

Түркіменстан Каспий теңізіне көпір салуға халықаралық тендер жариялады

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркіменстан Президенті автомобиль көпірінің құрылысына халықаралық тендер жариялауды тапсырды. Көпір Каспий теңізіндегі Гарабогазгол шығанағы арқылы Қазақстанға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркіменстан Каспий теңізіне көпір салуға халықаралық тендер жариялады

Мұндай нұсқауды Гурбангулы Бердімұхамедов Балқан велаятына (аймақ) барған сапарында берген. 

«Нейтральный Туркменистан» газетінің жазуынша, Түркіменстан басшысы Гарабогазгол мен Каспий теңізін байланыстыратын автомобиль көпірінің жағдайымен танысқан соң,  жаңа көпір салу және оған апаратын жолды қайта жаңарту бойынша халықаралық конкурс жариялауды бұйырған.

Ол аталған шығанақ арқылы өтетін жаңа көпір Түркіменстан - Қазақстан халықаралық көлік бағдарының маңызды инженерлік құрылымына айналады деп санайды.

Бердімұхамедов маршруттың Ашхабад-Түркменбашы күре жолымен қосылуы жол жүйесінің өткізу қабілетін арттырып, Түркіменстан мен көрші мемлекеттер арасындағы сауда көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін баса айтты.

Айта кетейік, аталған нысан құрылысы туралы алғашқы ақпарат 2019 жылы шыққан болатын.