Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Жұмыс режимін бұзған 10 мекеме жауапқа тартылды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 шілде күні елорданың мониторингтік топтары 10 мекемеде карантин талаптары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс режимін бұзған 10 мекеме жауапқа тартылды

Алматы ауданының мониторингтік топтары «Aisa» барында, «Oasis» кафесінде және «В9» компьютерлік клубында жұмыс режимі бұзылғанын анықтады.

Сондай-ақ Сарыарқа ауданында орналасқан «Sreda» кафесі сағат 22:00-ден кейін де жұмысын тоқтатпаған. Мекеме қызметкерлері бетперде, әлеуметтік қашықтық режимін сақтамағаны белгілі болды.

Сол сияқты Байқоңыр ауданындағы «Мята» лаундж-бары да белгіленген режимді сақтаған жоқ.

Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған тағы 5 қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында «Какие люди» ресто-бары, «Мост», «Мята» мейрамханалары, «Legends pub» бары, «Woklagman» фастфуд орны бар.

Карантин талаптарын бұзғандарға қатысты материалдар тиісті шара қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.