Елорда • 07 Шілде, 2021

Астана күні «Есіл толқынында» аталып өтті

4426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 5-7 шілде аралығында Елорда күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Есіл өзені бойында «Есіл толқыны» концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана күні «Есіл толқынында» аталып өтті

Іс-шараның мақсаты – бас қаланың тұрғындары мен қонақтарын Астана күнімен құттықтау,мерекелік көңіл-күйлерін көтеру. Сондай-ақ қала тұрғындарының қатаң пандемия жағдайында бір орынға жиналмауын қамтамасыз ету үшін концерт Есіл өзені бойында кемеде өтеді. Әртістер, өнер ұжымдары «Астана» теплоходында өнер көрсетеді. Концерт бағдарламасы 3 сағатқа арналған.

«Есіл толқыны» елордалықтар мен қала қонақтарының көңілінен шыққан мерекелік іс-шара болды. Көрермен Есіл өзенінің оң және сол жағалауынан қазақстандық өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Концерттік бағдарламада қазақ халқының музыкалық мұрасы мен эстрада жанрында әндер шырқалады. Оған Света - Қанат Айтбаевтар, Майра Ильясова, Асем Омарова, Арайлым Рахым, Парасат Отан, Алтынай Жорабаева, Асем Омарова, Дос, Диана Маева, Маржан Арапбаева т.б. өнерпаздар қатысады.

елорда

Айта кетейік, іс-шараға қатысушылардың барлығы коронавируске қарсы вакцина алған, денсаулығына байланысты вакцина алмағандар ПТР-тесттен өткен.

мереке

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025