Оқиға • 08 Шілде, 2021

Джебел-Али портында кеме жарылды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайдағы Джебел-Али портына бекітілген кеменің контейнерінде жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz БАӘ-нің ресми WAM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Джебел-Али портында кеме жарылды

Жарылыстан кейін кемеде өртенген. Оқиға орнында азаматтық қорғаныс күштері жұмыс істеп жатыр. Оқиға салдарынан адам шығыны болған жоқ. Жарылыс пен өрттің суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды. Соңғы хабарларға сәйкес, өрт сөндірушілер өртті оқшаулауға үлгерді.

Айта кетейік, Джебел-Али порты - Дубайдың орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан БАӘ-дегі ең маңызды порттардың бірі.

Соңғы жаңалықтар