«Яғни вирус иммундық кедергілерді айналып өтіп, екінші немесе үшінші рет адам организмін зақымдайды. Үшінші рет жұқтыру алғашқы екеуінен әлдеқайда ауыр өтеді», деді ресейлік дәрігер.
ДДСҰ SARS-CoV-2-нің төрт түрін «мазасыздыққа» жатқызды: альфа (британдық), бета (Оңтүстік Африка), гамма (бразилиялық) және дельта (үнді). Соңғысы, сарапшылардың пікірінше, мутацияны жалғастыра отырып, SARS-CoV-2-дің бастапқы Ухан нұсқасынан екі есе жұқпалы.
Еске сала кетейік, жақында дельта-плюс нұсқасының жаңа түрі пайда болғаны туралы белгілі болды.