Оқиға • 08 Шілде, 2021

Павлодарда ер адамды ток соғып қайтыс болды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда ер адамды тоқ соғып, қаза тапты. Қайғылы жағдай қаладағы ЖШС аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда ер адамды ток соғып қайтыс болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экструдерші оқиға салдарынан көз жұмған.

«7 шілде күні сағат 13.54-те 38 жастағы ЖШС экструдершісі трансформаторда жұмыс істеген кезде тоқ соққан. Сараптама тағайындалды», дейді департамент өкілдері.