Білім • 08 Шілде, 2021

Математикадан халықаралық олимпиада жүлдегерлері анықталды

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Математикадан XXV халықаралық Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Математикадан халықаралық олимпиада жүлдегерлері анықталды

Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын, бір күміс және екі қола бар. Олимпиада 29 маусым мен 5 шілде аралығында Молдовада онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауға әлемнің 22 елінен 132 оқушы қатысты.

Алматы мектебінің оқушысы Байшуақ Райымбек олимпиада барысында мүмкін болған 40 балдан 40 балл жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Осылайша, Байшуақ Райымбек пен Юркевич Мирон - алтын, Нағашбек Мұхаммед - күміс, Сұлтанбек Байжанов пен Дамир Нұрланов қола жүлдеге ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орынды иеленді.

Олимпиадада ел намысын қорғаған балалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қаласының оқушылары. Олар республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздары.

Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады.