Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 7 шілдеде сағат 23:00 шамасында болған. 1975 жылғы азамат облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында Сырдарияға балық аулауға шығып, оралмаған.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техникамен және суға жүзу қайығымен оқиға орнына барды. Іздеу шаралары нәтижесінде азаматтың мәйіті бүгін, 8 шілдеде сағат 6:05-те судан шығарылды», деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.