Қоғам • 08 Шілде, 2021

Көліктері мамандандырылған ХҚКО-ларда сақтандыруға болады

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді қазақстандықтар өз автокөліктерін мамандандырылған ХҚКО-ларда сақтандыра алады. Бұндай мүмкіндік маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындарында пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көліктері мамандандырылған ХҚКО-ларда сақтандыруға болады

Жүргізушілердің алдында автокөлікті қайта тіркеу кезінде сақтандыру полисін делдалдар арқылы ресімдеу қажеттілігі жойылды. Енді оны бірден автоцоннан сатып алуға болады. Аталған қызметті көрсету бойынша пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында осы жылдың маусым айынан бастап басталды.

«Жаңа жоба мамандандырылған ХҚКО-лардың алдында тұрып автокөлік иелеріне өз қызметтерін ұсынатын заңсыз «көмекшілерге» байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі. Егер пилоттық жоба сәтті өтсе, біз еліміздің басқа мамандандырылған ХҚКО-ларында да сақтандыру қызметін енгіземіз», деп хабарлады корпорация төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Қайта тіркеуден кейін автокөлік иелері ақпараттық жүйелерді біріктіргендердің ішінен сақтандыру компаниясын өздері таңдай алады. Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері мамандандырылған ХҚКО клиенттері азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің үш жүзден астам шартын жасасты.